Жаңалықтар

Павлодар облысында балықшының денесі табылды

Павлодар облысында балықшының денесі табылды
Фото: Видеодан алынған кадр 19.02.2024 17:14 417

19 ақпанда Ақтоғай ауылына жақын маңда 1981 жылы туған ер адам жоғалып кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ТЖМ мәліметінше, ол қарда жүретін көлікпен балыққа кетіп, сол күйі оралмаған.

ТЖД күштерімен әуеден барлау кезінде Ақтоғай ауылынан 10-15 км жерден жоғалған адамның денесі табылды.

Іздеу жұмыстарына құтқарушылар, кинологиялық есептоп, ТЖМ әуе кемесі, ЖАО, полиция және жергілікті тұрғындар жұмылдырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға