Жаңалықтар

Павлодар облысында балықшылар іздестіріліп жатыр

Жергілікті жерде полиция, ТЖ қызметкерлері, сүңгуірлер, кинологтар мен еріктілер жұмыс жүргізіп жатыр
Павлодар облысында балықшылар іздестіріліп жатыр
Фото: Polisia.kz. 10.10.2022 14:16 1104
Павлодар облысында жоғалған балықшылар іздестіріліп жатыр, – деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

8 қазан күні Екібастұз полициясына 64 жастағы қала тұрғыны 69 жастағы жұбайын іздеуде көмек көрсетуді сұраған.

Оның айтуынша, 5 қазан күні сағат 12.30 шамасында ер адам УАЗ көлігімен танысымен бірге балық аулауға кеткен. Осы уақытқа дейін олар үйіне оралмаған. Бұл өтініш тұлғаның жоғалуы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. 9 қазанда Кутояксор көлінде іздеу іс-шаралары мен оқиға орнын тексеру барысында УАЗ көлігі табылды. Тексеру барысында құжаттары, ақша, ұялы телефондар, автокөліктің кілті машинаның салонынан табылды. Көлікте резеңке қайық болмады, бірақ құтқару кеудешелері сол жерде жатты.

Полиция аталған көл маңындағы екі азаматтың кетуі ықтимал жерлерде жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатқанын, олардың орналасқан бағытын анықтау бойынша жеке құрам мен берілген күштердің бағдарланғанын атап өтті.

Жергілікті жерде полиция, ТЖ қызметкерлері, сүңгуірлер, кинологтар мен еріктілер жұмыс жүргізіп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға