Жаңалықтар

Павлодар облысында 8-сынып оқушысы өгей әкесінен жүкті болған

Павлодар облысында 8-сынып оқушысы өгей әкесінен жүкті болған
Фото: © Depositphotos 05.12.2023 10:50 956

Павлодар облысында 8-сынып оқушысының жүкті болып қалғаны үшін ауыл мектебінің мұғалімдері жазаланды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Кәмелетке толмаған баланың жүктілігі үшін мектеп директоры, орынбасары және сынып жетекшісі қатаң сөгіс алды. 8-сынып оқушысының жүкті болғанына 25 апта өткен. Оның жүкті екенін сынып жетекшісі байқаған. Оқиға туралы мұғалімдер полиция мен прокуратураға хабарлаған. Білім бөлімі мәліметінше, қызды өгей әкесі тәрбиелеген.

Ауруханада қызды сұрағанда өгей әкесін көрсетті. Сол күні ер адам ұсталды. Қазір мектеп директорына, орынбасарына және сынып жетекшісіне тәрбие жұмысын нашар жүргізгені үшін қатаң сөгіс жарияланды, - деп хабарлады білім басқармасы өкілдері.

Полиция күдіктінің ұсталғанын растады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға