Жаңалықтар

Павлодар облысында 7 жасар қызды іздеуге тікұшақ жұмылдырылды

Павлодар облысында 7 жасар қызды іздеуге тікұшақ жұмылдырылды
Фото: ТЖД 19.11.2023 03:27 866

17 қарашада сағат 21.48-де Павлодар облысындағы ТЖД-ға Екібастұз қаласына қарасты Бесқауға ауылында 2015 жылы туған бала жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Бұл туралы Kazinform-ға сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Хабарлама келіп түскеннен кейін құтқарушылар, кинологтар, полиция қызметі, жергілікті атқарушы органдар мен еріктілер бірден қызды іздеу жұмыстарына кірісіп кетті. Жергілікті аймақта жедел штаб ұйымдастырылды. 

Іздестіруге барлығы 321-ден астам адам, 38 бірлік техника, 1 авиаборт қатысады.

Жоғалған адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға