Жаңалықтар

Павлодар облысында 40 ауыл жарықсыз отыр

Павлодар облысында 40 ауыл жарықсыз отыр
Фото: © Pixabay.com 19.11.2023 23:30 749

Ауа райының қолайсыздығынан үйлердің шатырын ұшырып әкетіп жатыр. Бұл туралы @Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 18 және 19 қарашада дауылдың салдарынан болған оқиғалар тіркелді.

– Қазіргі кезде желден 42 ғимараттың шатыры құлады. Жүз елді мекенде электр қуаты өшіп қалды. Жарықты әзірге алпыс  ауылда ғана қосты, – деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметінде.

Ал Павлодарда, куәгерлердің айтуынша, Мәшһүр Жүсіп пен Кривенко, Торайғыров көшелерінің қиылысында бағдаршам желмен құлап түсті. Дауылдың салдарынан көліктер де зардап шекті – оларға ағаштар, шатырлар құлаған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға