Жаңалықтар

Павлодар көшелерін қысқы маусымда 228 бірлік техника қардан тазалайды

Павлодар көшелерін қысқы маусымда 228 бірлік техника қардан тазалайды
Фото: Павлодар облысы әкімдігі 14.10.2023 23:12 513

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов облыс орталығын аралап, Зеленстрой, Екінші Павлодар және МДС шағын аудандарына барды, сондай-ақ, коммуналдық қызметтер мен мердігерлік ұйымдардың қысқы кезеңге дайындығын тексерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыс әкіміне қысқы маусымда көшелерді тазалауға 228 бірлік көпфункционалды мамандандырылған техника дайын екенін баяндады. Өңір басшысы мердігерлерге қарды уақытылы тазалау және шығару процесін нақты ұйымдастыруға баса назар аударды тапсырды.

Логистиканы пысықтаңыздар және қар қалың жауған кезде тазалау жұмыстары тек қала орталығымен шектеліп қалмау керек. Қарбалас уақытта көліктердің кептелісін болдырмау қажет. Күшейтілген режимде жұмыс істеу керек, - деді Асайын Байханов.

Сенбі күнгі облыс орталығын аралау Олжабай батыр көшесі, 7 мекенжайы бойынша орналасқан үйдің қасында жасалған шағын скверде жалғасты. Жаз бойы Павлодарда барлығы 10 сквер жасалды.

Жайлы скверлердің пайда болуы қаланың ландшафтын өзгертеді, осындай форматтағы орындарды жасауды әрі қарай да жалғастыруды жоспарлаудамыз, - деді өңір басшысы.

Шағын скверлер Қамзин, 8, Малайсары батыр, 12, Олжабай батыр, 54 және Олжабай батыр көшесінің бойында, Қайырбаев, 36 көшелерінің бойында, Нұркин-Толстой, Торайғыров, 89 аудандарында және №2 мектептің жанында салынды.

Сондай-ақ облыс әкімі Екінші Павлодардағы Щедрин көшесінің жолының жөндеу барысын тексерді. Мұнда жұмыстар Қамзин көшесінен Днепропетровская көшесіне дейінгі учаскеде орындалды, Жібек Жолы көшесімен аяқталады.

Жұмыстарды сапалы орындау - мердігерлердің беделі, - деп атап өтті облыс әкімі.

Одан әрі Асайын Байханов орталық кәріз желісінің құрылысы мен жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Зеленстрой шағын ауданында болды. Мұнда жеті көшеде өздігінен ағатын коллекторды төсеу жұмыстары аяқталды. Жұмыстар бес көшеде жүргізілуде: Жигарев, жартылай Әлсейітов, Цефта, Достық, Шашкин. Асайын Байханов жазда желілер төселген учаскелерді дұрыс қалыпқа келтіруді тапсырды. Сондай-ақ аймақ басшысы бұрын-соңды мүлдем асфальт болмаған МДС ауданындағы асфальт төселген жолдарды қарады. 

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Асайын Байханов қала билігі мен коммуналдық қызметтердің алдында тұрған міндеттер көп екенін және ТҮКШ жұмысының тиімділігін павлодарлықтар бағалайтынын атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға