Жаңалықтар

Павлодар әкімдігінің бұрынғы қызметкері сотталды

Павлодар әкімдігінің бұрынғы қызметкері сотталды
Фото: © Pxhere.com 16.05.2023 03:34 597

27 жастағы жігіт пәтер кезегін жылжытып беремін деп тұрғындардан қомақты ақша алған. Бұл туралы @Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Өткен жылдың ақпан айында қалалық әкімдіктің бөлімінің бірінің бұрынғы жүргізушісі екі туысына Сарыарқа шағын ауданындағы әлеуметтік тұрғын үйден баспана алуға көмектесіп, әрі кезегін ілгерілетуге уәде береді. Екі әйел де жалдамалы пәтерлерде тұрады.

Бір бөлмелі пәтер үшін ол 2,5 млн теңге, 2 бөлмелі пәтер үшін 3,5 млн теңге, 3 бөлмелі пәтер үшін 4,5 млн теңге сұрайды.

Бұл ретте сотталушы kezekte.kz цифрлық платформада кезектің автоматты түрде қалыптасатынын және қозғалатынын нақты білген. Алайда ол әйелдерді осы шағын ауданнан өзіне және достарына пәтер алғанын айтып сендірген. Тіпті екі алданушыға жақын арада пәтер кілттерін алатынын айтқан. Олар жігітке үш және бір бөлмелі пәтер алып беруі үшін ақша берген. Ал оның ол ақшаны ойын-сауыққа жұмсағаны белгілі болды.

Алланған әйелдердің бірі екі баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отыр. Жалғызбасты ана  қажетті соманы жинау үшін өзінің алтын бұйымдарын ломбардқа тапсырып, әріптестерінен қарыз алған. Қазір қиын өмірлік жағдайдан шығу үшін ол екі жерде жұмыс істейді. Бірақ ол несиесі мен жалдамалы тұрғын үйдің пәтер ақысын төлеуге жетпейді. Сотталушы оған келтірілген залалды ішінара өтеп, 250 мың теңгесін қайтарған.

Екінші сан соғып қалған әйелдің мүгедектігі бар және жатақханада бөлме жалдап тұрады.

-190-баптың 3-бөлімде 1), 4) тармақтарда көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын және оған қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, үш жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын, - делінген Павлодар қаласының №2 сотының үкімінде.

Сонымен қатар, жас жігіт екі әйелге де материалдық шығынды өтеуге міндеттелді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға