Жаңалықтар

Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді
Фото: El.kz 21.02.2023 17:21 4433

Партиялар сайлаушылармен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі партиялардың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Respublica партиясы Алматыда еңбек ұжымдарымен алғашқы жиынын өткізді. Respublica көшбасшыларының, сондай-ақпартиядан депутаттыққа кандидаттардың қатысуымен сайлауалды тур жалғасуда. Үгіт-насихат кезеңінде партия өкілдері еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі санаттағы азаматтармен кездеседі. Солардың бірі – кәсіпорындардың еңбек ұжымдары.

Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

Сонымен, бүгін Алматыда Республикадан келген үміткерлер 100-ден астам адамды жұмыспен қамтыпотырған «APR Construction» ЖШС құрылыс компаниясының жұмысшыларымен әңгімелесті.

Кездесуге Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар Қырмызы Жандосова, Динара Наумова, Махамбет Хасенов,мәслихат депутаттығына кандидаттар Альбина Сариева мен АрайЕркінұлы қатысты.

Партия өкілдері жұмыс істейтін жастарды қолдаудың, кәсіпкерлерге мүмкіндік берудің маңыздылығын айтты. Мәжіліс депутаттығына кандидат, әлеуметтік кәсіпкер Динара Наумова жас және дарынды қазақстандықтардың көп нәрсені, оның ішінде саясатты да өзгерте алатынына назар аударды.

«Біз шынымен жаспартиямыз, мен Respublica партиясының ең жас кандидаты шығармын. Біз саясатқа не үшін бара жатырмыз? Біздің әрқайсымыздың артымызда белгілі бір жетістіктер тарихы бар. Мен облыстағы ерекше балаларға көмектесетін тегін инклюзивті орталық аштым. Менің бүкіл жолым қоғамның қабылдамауымен күресуден тұрады. ДЦП диагнозымен ата-анам мені үш жасымда тастап кетті. Мектепке, кейін университетке қабылданбадым, басқалар сияқты дәріс тыңдай алатынымды, білім ала алатынымды дәлелдедім. Мен үшін Respublica – қолымнан не келетінін дәлелдейтін тағы бір мүмкіндік берді. Осы арқылы мен қоғамға өз үлесімді қосааламын, қазіргі тәртіпті өзгерте аламын. Меніңше, қазір жастарда барлық мүмкіндік бар. Біз соларды пайдаланып, қоғамды өзгертуіміз керек», - деді Динара өз сөзінде.

Елордада еліміздің түкпір-түкпірінен келген 800-ден астам қатысушының басын қосқан «AMANAT» партиясының әйелдер форумы өтті. Жиынға белгілі саяси және қоғам қайраткерлері, көпбалалы аналар, кәсіпкерлік, білім беру сияқты және басқа да салалардың өкілдері қатысты.
 
Партияның Республикалық сайлауалды штабының басшысы Ерлан Қошанов әйелдердің мемлекеттік басқару ісіне және қоғамдық өмірге араласуын кеңейту қажет екенін атап өтті.
 

«Халқымыз әуел бастан аналарымызға, жары мен қарындас-қыздарына зор құрметпен, сыйластықпен қараған. Сондықтан отбасының ғана емес, Отанымыздың тарихындағы әйелдердің рөлі қашанда ерекше. Партияға да өздеріңіздей күш-қуаты мол жандар қажет екені анық. Біз әрбір әйелдің еңбегі мен арманына құрметпен қараймыз, сіздердің бастамаларыңызды қолдауға әзірміз», - деп атап өтті «AMANAT» партиясының Төрағасы.

Ерлан Қошанов өңірлік әйелдер форумдарының қорытындысы бойынша көп ұсыныс түскенін атап өтті. Олардың барлығы «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасына енді.
 
Мәжілістегі «AMANAT» партиясының фракциясы жеңіске жеткен жағдайында, бірінші кезекте балаға мерзімсіз мүгедектік берілетін аурулардың тізбесін кеңейту мәселесін қарауды қолға алады.

Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді


 
Жалпы, партия жақсы жалақы мен жоғары лауазым адамның жынысына емес, дағдысына қарай берілетін мәдениет қалыптастыруға ниетті.

Партия тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жазаны қатаңдатуды жақтайды және көпбалалы аналар мен ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдау шараларын күшейтеді.

Республикалық штаб мүшелері «Астана-Тазалық» еңбек ұжымымен кездесті. Кәсіпорын қаланың санитарлық тазалығымен, аумақтарды абаттандырумен және тазалаумен айналысады.
 
Партиялықтар кәсіпорын қызметкерлерімен бірге сайлауалды бағдарламада көрініс тапқан жұмысшылардың құқықтары мен денсаулығын қорғау шараларын талқылады.

«Қазақстандағы өмір сүру сапасының Стандарттары қандай болуы керек?» тақырыбында  Жалпыұлттық социал-демократиялық партия елордалық сайлаушылармен кездесу өткізді. 

Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

Іс-шара дөңгелек үстел форматында өтті: бірқатар әлеуметтік сұрақтар, оның ішінде коммуналдық қызмет тарифтерінің өсімі және әлеуметтік кепілдік мәселелері көтерілді. 

Айта кететін бір жайт, біздің партиялықтар өмір сүру сапасының Стандарттарын жасақтау және енгізу жөнінде мәселені Парламентке бастамашылық етуге ниетті.

Қазақстандық «Байтақ» жасылдар партиясының Мәжіліс депутаттығына кандидат Владимир Мартель Өскемендегі қоқыс өңдеу зауытының қызметкерлерімен кездесті.

Зауыт өз жұмысын өткен жылы бастаған болатын. Сағатына 25 тоннаға дейін қоқыстарды сұрыптауға қабілеттіОрта Азиядағы алғашқы зауыт болып табылады.  Кездесу барысында қатысушылар экологиялық салаға қатысты көптеген мәселелерді, соның ішінде Қазақстандағы басты экологиялық мәселелердің бірі қоқыстарды өңдеутақырыбын талқылады.

Сондай-ақ, жалақы туралы да мәселе көтерілді. Қызметкерлер өздерінің ауыр еңбегі үшін 140-180 мың теңге ғана жалақы алатыны белгілі болды. "Байтақ" жасылдар партиясының кандидаты Владимир Мартель барлығымыз бірлесе отырып, қоқыстарды белсенді жинау және электронды қалдықтардыөңдеу арқылы бұл мәселелерді шешуге болатынын айтты.

Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

Шығыс Қазақстан облысы "Байтақ" жасылдар партиясы филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Қасенов Рыспек және партия мүшелері  жергілікті тұрғындармен кездесіп, олардың сауалдарын тыңдап, алдағы іс-қимыл жоспарына енгізді.

Қазақстан Халық партиясының төрағасы Қарағанды облысына барып, сайлаушылармен кездесті.

Аталған өңірдің тумасы Ермұхамет Ертісбаев жергілікті мәселелерді жақсы біледі. Сондықтан ол бірінші болып «Арселор Миттал» кәсіпорнының ұжымымен кездесу үшін Теміртауға барды.

Басқосу барысында ҚХП басшысы партияның еліміздің тау-кен-металлургиялық кәсіподақ ұйымдарымен ынтымақтастығы, сондай-ақ нақты секторды дамыту жоспарлары туралы айтты.

– Біз қолданыстағы жұмысшылардың құқын таптайтын Еңбек кодексіне қарсымыз! – деп атап өтті Ертісбаев. – Жаңа Қазақстанға жалдамалы қызметкердің әлеуметтік және еңбек құқықтарын толығымен қорғайтын жаңа Кодекс қажет! Біз – мықты және жұмыс берушіден тәуелсіз кәсіподақтарды қолдаймыз!

Бұдан басқа ҚХП ауыр, зиянды немесе қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлерді 50-55 жастан зейнетке шығару әділетті деп есептейді. Сонымен қатар халықаралық еңбек ұйымының стандарттарына сай кеншілер мен металлургтердің жұмыс барысында денсаулығын жоғалтқан жағдайда қосымша ақы төлеуді, құқықтық қорғауды жақтайды.

Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

Ертісбаевтың сайлаушылармен келесі кездесулері Теміртау тұрғындарымен жалғасты. Кейіннен құрылысшылар, шағын орта бизнес өкілдері партия бағдарламасымен танысты.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстандағы олигархиялық капитализм дәуірі аяқталып келеді» – деп мәлімдеді. – Ел азаматтарының алдында әлеуметтік жауапкершілік кезеңі басталады.

Қарағандыға келген Ермұхамет Ертісбаев Костенко атындағы шахта кеншілерімен кездесті. Мұндағы пікірталас тақырыбы – өндірістік жарақаттану мәселелері болды.

– Жұмыс беруші өндірістегі төтенше жағдай үшін және өз қызметкерлерінің өмірі үшін жауап беруі тиіс, – деп атап өтті ҚХП Төрағасы, – Бұл отандық және шетелдік бизнесмендерге де қатысты.

Көшпелі кездесу жергілікті орталық әмбебап дүкен кәсіпкерлерімен қорытындыланды.

ҚХП төрағасының Қарағанды облысына сапары жалғасып жатыр.

«Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев, партия төрағасының орынбасары Қазыбек Иса және Мәжіліс пен жергілікті маслихатқа үміткерлер  бастаған «Ақ жол» партиясы республикалық штабының мүшелері Алматы қаласының еңбек ұжымдарымен жүздесуде.

Бүгін тамақтану саласындағы ірі бірлестік болып табылатын «Евразиян фудс» АҚ-ның еңбек ұжымымен кездесу өтті. Бұл жеке өндірістік холдингте үш зауыт пен мыңдаған қызметкер жұмыс істейді. Компания бюджет салығына төлемдерді әрдайым ұлғайтып келеді - 5 жыл бұрын 10 млрд тг төлесе, былтырғы жыл үшін салық төлемі 20 млрд теңгеге ұлғайған.

«Біздің мақсатымыз - нарықтық ұстанымдарды, әділ бәсекелестік пен отандық өндірушілерді қолдайтын «Ақ жол» демпартиясының парламенттегі жұмысы туралы айту. Бір жағынан еңбек ұжымдарының ескертпелері мен өтініштерін тыңдаудамыз, экономикалық мәселелерден бөлек, әлеуметтік әділеттілік, жемқорлықпен күрес жөнінде сұрақтар келіп түсуде. Бұл біз үшін өте маңызды, себебі, «Ақ жол» демпартиясына дауыс беріп, сенім артатын жандармен ұдайы байланыста болуымыз керек», - деді Азат Перуашев.

Партия лидері партияның саяси бағдарламасының басым бағыттарын атап, жиналған қауымның сауалдарына жауап берді. Әсіресе, «Ақ жол» демпартиясының еркін экономикаға көшу туралы ұсыныстарына ерекше тоқталды.

«Біздің елімізде тек 5 банктің өзі ғана барлық банк секторының 65% бақылауында ұстап отыр. Сонымен қоса, өздеріне бүкіл бизнес пен барлық азаматтар төлем жасаса да, банктер ҚҚС-тан босатылған.

Президент Қ.Тоқаев өткен жолдауларының бірінде ғана сараланған салық мөлшерлемелерін енгізуді тапсырған болатын. Біз ЕуроОдақтағыдай азық-түлік өндірушілері мен өзге де басым салалар салықты аз, ал банктер мен шикізат олигархтары көбірек төлеуі үшін ары қарай да күресеміз».

Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

Сондай-ақ, «Ақ жол» үгіт-насихат тобы Алматы электромеханикалық зауытының ұжымымен кездесті.

«Өзіміздің отандық өндірісті дамыту маңызды. Бұл берік ұстаным. Себебі, өз өндірісіне арқа сүйей алмайтын экономика әрдайым импортқа тәуелді болады. Нарықты отандық тауар массасымен толтырмасақ, ақшаның кез-келген көлемі инфляция тудырып, девальвациялық болжамдарға әкеп соғады. Сондықтан, инфляциямен несие бойынша пайыздық үстемені көтерумен емес, отандық өнімді өндіру арқылы күресу керек. Сіздер өз қолдарыңызбен өнім жасап, қосылған құнын шығара отырып осы жұмыспен айналысып отырсыздар. Және «Ақ жол» партиясы қазақстандық кәсіпорындарды қолдайды.Біз мұндай зауыттар жұмысының артында қандай үлкен еңбек күші жатқанын, сіздердің отандастардың ыңғайлы өмір сүруі үшін қаншалықты зор жұмыс атқарып жүргендеріңізді білеміз. Сондықтан, алдымен сіздерге еңбектеріңіз үшін алғыс айтып, одан арғы серіктестігімізді талқыласақ деймін» - деді Азат Перуашев.

Ол, сонымен қатар, зауыт жұмысшыларының тұрғын үй, жер телімдері, кәсіпорынды материалдармен қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша көкейтесті сауалдарына жауап берді.

Емін-еркін пікір алмасу нәтижесінде бірқатар қызметкерлер «Ақ жол» демпартиясы қатарына өтетіндерін жариялап, солардың ішінде Марат есімді бірінші ниет білдірушіге Азат Перуашев партиялық төсбелгісін бірден шешіп, кеудесіне тақты.

«Ақжолдықтар» Алматы қаласында жұмысын жалғастыруда. «Ақ жол» демократиялық партиясының 700-ден астам кандидаты еліміздің әр өңірінде сайлаушылармен кездесуін жалғастыруда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға