Жаңалықтар

Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын қорытындылады

Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын қорытындылады
Фото: El.kz 17.03.2023 20:00 815

"Байтақ" партиясы өз бағдарламасына барлық өңірлерден келген азаматтардың талап-тілектерін зерделеп енгізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

17 наурызда партияның орталық кеңсесінде Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясының баспасөз конференциясы өтті. Онда еліміздің барлық өңірлерінен келген сайлаушылардың мұң-мұқтажы айтылып, талқыланды.

Партия кандидаттары бүкіл үгіт-насихат кезеңінде атқарылған жұмыстардың нәтижелерін талқылады.Үміткерлердің әрқайсысы қоғамдық орындарда жүзбе-жүз өткен кездесулер кезінде халық тарапынан айтылған ұсыныстарды жеткізді. Сондай-ақ, пікірталастарда айтылған қарсыластардың сындарлы ұсыныстары да ескерілді.

Жас саяси институт ретінде Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясы өңірлердегі көптеген кездесулер барысында азаматтардан алынған барлық ұсыныстарды мұқият зерделейді. Халықпен кездесулердің нәтижесінде біз өз жақтастарымыз бен ойы ортақ, пікірлес адамдардың 500-ден астам ұсыныстарын өңдедік. Олардың қатарында: үлкен қалалардың өнеркәсіптік қалдықтардан ластануы, Алматы, Астана, Атырау, Қарағанды, Жезқазған қалаларында газдың шамадан тыс жоғары деңгейі, барлық өңірлерде сапалы ауыз судың тапшылығы, Атырау облысының Доссор кентінде мұнай өндірілгеннен кейін олардың орнында зиянды өлі көлдер пайда болуы салдарынан бос орындардың түзілуі, қоқыс өңдейтін зауыттардың тапшылығы, ретсіз салынған тығыз құрылыс нысандары және т. б да өзекті мәселелер назарға алынды, - деді "Байтақ" жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев.

Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын қорытындылады

Елордада 3000-ға жуық адамның қатысуымен «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» форумы өтті. Іс-шараға Мәжіліс пен мәслихаттарға кандидаттар, партия белсенділері мен жақтастары және «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері қатысты.
 
Өз сөзінде «AMANAT» Төрағасы Ерлан Қошанов үгіт-насихат кезеңіндегі қажырлы еңбегі үшін партияластарға алғыс айтып, жастар қанатының жасампаздығы мен белсенділігін ерекше атап өтті.

Бұл сайлау, ең алдымен аманаттықтардың мызғымас бірлігі мен берекесін, мұқалмас жігері мен рухын көрсетті. Бір айдың ішінде 30 мың кездесу өткізіп, 4 миллионнан астам адамды қамтыдық. Кездесулер барысында партияның сайлауалды бағдарламасын талқылап, азаматтардың талап-тілектерін жинадық»,- деді ол.

Ерлан Қошанов «AMANAT» партиясы Президенттің қоғамдық тірегі ретінде саяси мәдениеттің жаңа трендін қалыптастырып, өзгерістердің драйверіне айналғанын атап өтті.

Біз тарихта қалатын іс тындырып жатырмыз және оған әрқайсымыз үлес қосудамыз. Үгіт-насихат жұмысының барлық кезеңінде біз сайлаушылармен ашық әңгімелестік, дебаттарға қатыстық, кез келген алаңда қарсыластармен пікірталас жүргіздік. «AMANAT» шалғайдағы ауылда да, Тик-токта да болды, - деді ол.❔

Партия Төрағасы сайлаудан кейін үгіт-насихат плакаттарының орнын нақты істер алмастыру керек екенін атап өтті. 

Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын қорытындылады

«Ауыл» партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне және барлық деңгейдегі жергілікті мәслихаттарға кандидаттарының үгіт-насихат науқанын талқылаған қорытынды отырысы өтті.

Жиынға партия төрағасы Әли Бектаев, Мәжіліс пен мәслихаттарға партиялық тізім мен мажоритарлық жүйе бойынша түсетін кандидаттар, партияның өңірлік филиалдарының, өңірлік штабтардың басшылары мен мүшелері, жергілікті халық қатысты.

Партия мүшелері кандидаттармен бірге жұмылып жұдырық болып, бір ай бойы еліміздің түкпір-түкпірін аралады, жұмыс істеді, үгіт-насихат жүргізді. Басқалар ат ізін салмаған Қазақстанның шалғайындағы, қияндағы ауылдарға да барды.

Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын қорытындылады

Үгіт-насихат кезеңінің соңғы күні «Respublica» партиясының өкілдері «Kazakhmys Smelting» ЖШС мыс қорыту зауытының еңбек ұжымымен кездесті.

Партия бір ай ішінде барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларды аралап шықты. Ұлытау өңірі - Respublica көшбасшылары мен кандидаттары барған соңғы өңірі.

Мұнда партия белсенділері Respublica-ның негізгі идеялары мен ұсыныстарын айтып, азаматтардың сауалдарына жауап берді.

Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын қорытындылады

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның «үгіт пойызы» жобасын қорытындылады.

Жоба аясында партия белсенділері ҚР барлық дерлік елді мекендерін, оның ішінде шалғайдағы ауылдарды аралады. Үгіт пойыздарының басында филиал төрағалары мен депутаттыққа кандидаттар болды. Кездесулер өткізіліп, әр сайлаушыға партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды.

Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын қорытындылады

Қазақстан Халық партиясы атынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Асылбек Нұралин партияның сайлауалды бағдарламасының ең маңызды бөлігіне тоқталып өтті.

Партиялықтардың пікірінше, прогрессивті инфляцияны ескере отырып, ең төменгі жалақы 140 мың теңге болуы керек.

Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Гауһар Танашева Халық партиясы көпбалалы аналарды ұдайы назарда ұстап, олардың мәселесін көтеріп келетінін тілге тиек етті. Оның айтуынша, партия 1-3 бала тәрбиелеп отырған аналар үшін – қолжетімді баспана, ал көпбалалы аналарға – тегін баспана беруді қолдайды. Сондай-ақ, спикер балалар үшін ақысыз үйірмелер, қолжетімді медицина мен тегін білім беруді талап ететінін жеткізді.

Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын қорытындылады

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға