Жаңалықтар

Партиялар пікірсайысында «Қызу дискуссия» кезеңі өтіп жатыр

Партиялар пікірсайысында «Қызу дискуссия» кезеңі өтіп жатыр
Фото: qazaqstantv 01.03.2023 21:53 921

Теледебаттың «Қызу дискуссия» кезеңінде партия мүшелері қарсылас партияның бағдарламасын сынап, сұрақ қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Теледебаттың екінші кезеңінде ЖСДП мүшесі Нұрлан Әуесбаев  Елнұр Бейсенбаевқа «Қаржылық, әкімшілік барлық нәрсемен қамтамасыз етілген. 20 жылдан кейін ұйықтап отырып тағы да Парламентке келіп, сіздер не істемексіздер?», - деп сауал жолдады.

2021 жылғы партия бағдарламасының 2\3-cі орындалды. «Жол картасын» арнадық. 360 пункті бар. Мәдениет саласы қызметкерлерінің, мұғалімдердің жалақысын 1,5 есеге көбейттік. Стипендияны 50 %-ға, магистранттардың шәкіртақысын 40%-ға көбейттік. Студенттерге 10 мың грант бердік. Қостанайда, Екібастұзда, Арыста, Мақтааралда қиын жағдай болғанда сіздер қайда болдыңыздар? Өзгертеміз дейсіздер. Бағдарламамыз 10 бағыттан тұрады. Қазақстан бойынша 249 филиалы бар. Осы сайлауға барлық деңгейдегі Мәслихаттарға 4000-ға жуық депутаттарымызды ұсындық. 500-ден астам мектеп салдық. Ауылдарда 85 медициналық орталықтарды салдық. Қалаларда 75 медициналық орталық салдық. 1,5 млн азаматқа скрининг жасауға мүмкіндік бердік. Зейнет жасын 61 жасқа тоқтаттық. Мәжілістегі 55 бастамашыл заңды жасағанда біздің Мәжілісмендер», - деді Елнұр Бейсенбаев.

Пікірсайыста «Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев «Біздің естуімізше сіздің партияңыздың лидері қазақ тілін білмейді. Сондықтанда бүгінгі пікірсайысқа сол себептен келмеген сияқты. Оның ескі Қазақстанның жақтаушысы болғанын білеміз. Ал енді халықтың бір қолдаушысы болып отыр. Бұны қалай түсінеміз?» деп Қазақстан Халық партиясы төрағасының орынбасары Асхат Асылбековке сауалын жолдады.
Бұл қойылған сұраққа Асхат Асылбеков өз жауабын берді.

«Қазақстан Халық партиясының төрағасы Қазақстанның нағыз патриоты. Егер терең ойлайтын болсаңыз, ол геополитикалық, геосаяси қиын жағдайда көршілермен татулықты сақтап отыр. Кейбір патриоттар оны түсінбейді. Қазақ тілін көп адамдар Кеңес одағы кезінде білмеген. Қазір төрағамыз қазақша әжептәуір сөйлейді. Ол күніне екі рет таңертеңнен кешке дейін қазақ тілінен дәріс алатыны рас. Кездесулердің барлығында қазақтармен қазақша сөйлеседі», - деді ол.

Алдымен «Respublica» партиясының тең төрағасы Сырымбек Тау кәсіпкерлік тұрғысынан «Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасының орынбасары Берік Дүйсембиновке сұрақ қойды. Айтуынша, 2016, 2021 жылдары мен осы жылы да сайлауға бұрынғы адамдарын ұсынуда. Соңғы 13 жылда басшылары да ауыспаған. Неге басшылық ауыспайды? Президент сайлауы да 7 жылға шектелді, ал «Ақ жол» партиясының басшысы 7 жылдан асып кетті. Неге өзгермейді деп «Respublica» партиясының тең төрағасы Сырымбек Тау сұрақ қойды.

Бұл сауалға Берік Дүйсембинов былай деп жауап берді:

«Мәжіліске кіргенен кейін нақты жұмысты көресіздер. Көзге көрінбейтін жұмыстар жатыр. Соның ішінде біздің партия Қытайда қамалған қазақтарға ең бірінші араша түсті. Мәселе басшының өзгеруінде емес. Соңғы екі жылдың ішінде Азат Перуашов 500 түзету енгізді. Партия тірі организм. Партиядағы адамды ауыстыру керек екен деп, жол-жөнекей адамды алмаймыз. Жалған кәсіпкерлік деген заңға біздің 9 жыл уақытымыз кетті. Біздікі тек жүйелі жұмыс», – деді ол.

2019 және 2021 жылдардағы сайлауға Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы неліктен қатыспағанын түсіндірді. Бұл сұраққа «Ақ жол» партиясының төрағасы Берік Дүйсенбинов қызығушылық танытып, сұрақ қойған болатын.


«2019 жылы президент сайлауына қатыса алмадық. Өйткені сол кезеңдегі жағдайда президенттік сайлауға ұсынған белгілі журналисіміз бұл мәселе бойынша жауап берген еді. Кейін менің естуімше, бізде президенттікке сайлауға кандидаттыққа белгілі бір шектеу қойылған. Соған байланысты өте алмайтын болдық. 2021 жылы Парламент мәжілісінің сайлауы болған кезенде біз шын айтқанда, бізде әділ сайлау болған емес. Осы тұрғыда әділ сайлау болмайтын болғандықтан біз байкот жарияладық, қатыспадық. Себебі, сол жылы біздің айтып жатқан Қазақстанның сол кездегі жағдай қатыстыруға мүмкіншілік берді. Біздің партиямыздың құрамына сотталған террористік-экстремистік партия деп аталатын ұйымның адамдарын ішіне тығып, провокация жасамақшы болды. Сондықтан біз осының барлығын көре тұра бұл спектакльге қатыспадық», - деді ЖСДП төрағасы Нұрлан Әуесбай.

«Ақжол» партиясының төрағасы Берік Дүйсенбинов:

«Байкот жариялап 20 жыл жата беруге болатын еді. Дегенмен партия деген бір ғана адамға тірелмейді, партия деген тірі организм. Оның құрамында небір мықты азаматтар болуы тиіс. Олар қайда қалды сонда? Мейлі сайлаудан өттіңіздер делік, ал өтпей қалсаңыздар тағы қанша жыл жатасыздар?», - деді ол.

Дегенмен бұл провокацияға Нұрлан Әуесбай «Ақ жол» партиясынан Ресейдің соғысын қолдап жатқан шенеуіктер шығып жатыр және ол бұлай ойлайтын жалғыз партия мүшесі емес деп жауап қатты.

Елнұр Бейсенбаев Қазақстанда үш миллион кедей бар деген мәлімдемесін жоққа шығарды.


«Қазақстанда кедейшіліктің шегінде өмір сүретін халықтың саны 600 мың ғана. Екіншіден, 9 миллион адам несие жаба алмай отыр деген ақпаратыңыз да жалған. Олардың саны бір жарым миллион ғана. Осы Қазақстан Халық партиясы жалған ақпарат беретінін көре аламыз. Себебі бала өлімі бойынша да бірінші орында емес. Біз бала құқықтарын қорғау бойынша, атa-аналарды қорғайтын мәселе және буллингке тоқтау қойдық. Екі жылдың ішінде балабақшамен қамтуды 70%-ға арттырып, апаттық және үш ауысымдық мектептерге 500 мектеп салдық. Оған қоса ерекше балаларға арналған әлеуметтік заң қабылдадық»,- деп жауап берді Аманат партиясының тең төрағасы.

Жигули Дайрабаев жаңадан құрылған партияның өкіліне партияға деген күмәнін білдірді. Ол "Respublika партиясы болашақта «Адал» партиясының кейпіне еніп, Аманат партиясының құрамына еніп кетпейді ме?" деген сауал жолдады.

«Біз жас партия болсақта құрылдық. Қазіргі кезде алдыңғы үшінші орындағы мәжіліске және маслихатқа ат салысудағы партиямыз. Барлығы 277 кандидат 9сынып отырмыз. Қазақстанды өркендетпей тұрған ол қағазбастылық. Сондықтан біз өтініштерді электронды түрде қабылдап жатырмыз. Осы күнге дейін біздің тең төрағалар ешқандай тендерсіз мемлекетке 100млрд қаржы құйған. Біздің салықтардың арқасында басқа да партиялар өздерінің үгіт-насихаттарын жүргізіп отыр деп айта аламыз», - деп жауап берді Сырымбек Тау.
Оның айтуынша, ең жас және ең көп әйел кандидаттарды ұсынып отырған Республика партиясы.

Пікірсайыста «Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев ««Respublica» партиясы пайда болғалы бері барлығымызды популист деп жатыр. Ертең популист сіздер өздеріңіз болмайсыздар ма? Кәсіпкерлікті қолдаймыз дейсіздер, кәсіпорындарыңыз 364 миллион тонна СО2-ні ауаға шашып отыр. Қаншама адам ауруға шалдығып жатыр. Неге автошинаны қайта өңдеуге, энергетика мәселесіне неге көңіл бөлмейсіздер?» деп «Respublica» партиясының тең төрағасы Сырымбек Тауға сұрақ қойды.

«Популист деген жалған ұранды айтатын адамдар. Біздің ұранымыз «Жаңа адамдар – Жаңа қадамдар». Біз жаңа қадамдар жасаймыз. Осы күнге дейін бірде-бір рет тендр алмағанмын, олигархтармен мүлде байланысым жоқ. «Байтақ» партиясы біздің құрамның қалай жасақталатынын түсінбейтін сияқты. Біздің партияға жала жаппаңыздар», - деді ол.

«Amanat» партиясының атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Жигули Дайрабаевқа кезекті сауалын жолдады.

Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, «Ауыл» партиясы ауылдағы ірі өнеркәсіптерді салықтан босатуды айтқан. Кәсіпкерлерді салықтан босату дегенді қалай түсінуге болады деп сұрақ қойды. Оған Жигули Дайрабаев былай деп жауап берді:

«Мынау шағын, мынау үлкен деген бізде көзқарас жоқ. Ауылшаруашылығы мәселесін көтереміз. Ауылдың жағдайы бүгінде қиын. Мәселен, соңғы 30 жылда ауылдың аянышты жағдайын көруге болады. Сол себепті, солақай саясаттың арқасында 1450 ауыл қазақтың картасында жоқ. Жойылды. Бүгінгі күні 6300 ауыл қалды. Оның 2 мыңға жуығы қара тізімге ілінейін деп тұр. Сондықтан бұған жол бермеуіміз қажет», – деді Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Жигули Дайрабаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға