Жаңалықтар

Парламент депутаты ақмолалық жастармен кездесті

Парламент депутаты ақмолалық жастармен кездесті
26.10.2018 06:24 1358

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжіліс депутаттарынан, сенаторлардан және белгілі қоғам қайраткерлерінен тұратын ақпараттық-насихаттау топтар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатында аймақтарда белсенді жұмыс жүргізуде. Дәл осындай ақпараттық-насихаттау тобы Қазақстан халқы Ассамблеясының жанынан да құрылды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму бойынша комитетінің мүшесі, депутат Сауытбек Абдрахманов Жолдауды ел арасында түсіндіру мақсатымен Ақмола облысында қазан айының соңғы күндері жұмыс сапарымен жүр.

Ақмола облысының ЖРО және Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде өткен студент және жұмысшы жастармен кездесулерінде мәжіліс депутаты Жолдаудың негізгі басымдықтарын түсіндіріп, қазан айында жарияланған форматтың артықшылығын айта келе, ақмолалық жастарды мазалап жүрген сауалдарына жауап берді.

Сауытбек Абдрахмановтың айтуынша, келесі 2019 жылдың Жастар жылы болып жариялануы бекер емес. Себебі бүгінгі әлемде орын алған маңызды жаңашылдықтар, ғылыми жетістіктердің басында 25 пен 30 жас аралығындағы жас азаматтар тұр. Мысал ретінде атақты фейсбук және инстаграм сынды әлеуметтік желілерді келтірді. Ол жастарды жалқаулықтан бастарын аулақ ұстап, шыдамды, жауапты, еңбекқор, бәсекеге қабілетті, өз елінің шынайы патриоттары болуға шақырды.

Ақмола облыстық «Арқа ажары» қоғамдық-саяси газетінің ұжымымен өткен кездесу барысында мәжіліс депутаты мен журналистер арасында өзара жемісті диалог орын алды.

«Арқа ажарының» қалам шеберлері мемлекет, мемлекеттік органдардың қолдауы кезіндегі сұрақтардың міндеттерін айқындап, журналистика саласының мәселелерін, өз жұмыстары барысында кедесетін қиындықтар жөнінде сөз қозғады.

Сауытбек Абдрахманұлы өз сөзінде ҚР Президентінің аталмыш Қазақстан халқына Жолдауы – бұл жақын арадағы біздің елдің негізгі даму векторы болып табылатын, бірінші кезекте жастарға және халықты тікелей қолдауға бағытталған стратегиялық маңызы бар құжат екендігін атап өтті.  

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға