Жаңалықтар

Парижде өтетін Олимпиада Ойындарына дайындық қандай деңгейде жүріп жатыр

Парижде өтетін Олимпиада Ойындарына дайындық қандай деңгейде жүріп жатыр
Фото: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі 13.01.2024 10:22 2835
Туризм және спорт министрлігі ҰОК, спорт федерацияларымен бірлесіп спорттық іс-шаралар күнтізбесін бекітуден бастап кешенді жұмыс жүргізіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
 
ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Бектенованың айтуынша, кейбір спортшылар үшін жеке кесте бойынша дайындық бекітілмек. 
Спорт түрлері бойынша барлық федерацияларды тыңдау өткізілді, онда дәрігерлердің, массажистердің, жаттықтырушы-консультанттардың, арнайы жабдықтардың жетіспеушілігі бойынша проблемалық мәселелер айқындалды. Қажетті заттардың «пулы» қалыптасады. Қазіргі уақытта бұл мәселелер шешіліп жатыр», - деді ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Бектенова.
Алайда статистика көңіл көншітерлік емес: қысқы спорт түрлері дамытылуға тиіс солтүстік өңірлер бар, бірақ олар халықаралық қысқы жарыстарға бірде-бір лицензия алған жоқ. Қазіргі уақытта Министрлік тірек және медаль көп түсетін спорт түрлері мәселесін пысықтауда. Заң жобасы әзірленді. Егер бұрын әр өңір қандай спорт түрлерін дамыту керектігін өз бетінше анықтаса, енді басымдықтарды белгілеу ұсынылады.
Біз талдау жасап, әр өңірдің 55-100 спорт түрін дамытып жатқанын көрдік. Оның ішінде Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия ойындарының бағдарламасына кірмейтін спорт түрлері бар. Құзыретті өзімізге алып, өңірлер бөлінісінде олардың климаттық жағдайларын, материалдық-техникалық базасын, спорт объектілерін дамытуды, жаттықтырушы-оқытушы әлеуетін және тарихи қалыптасқан нәтижелерді ескере отырып, басым спорт түрлерінің тізбесін айқындайтын боламыз, - деді ол. 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға