Жаңалықтар

Парижде электр самокаттарына тыйым салынды

Парижде электр самокаттарына тыйым салынды
Фото: ©AP/Christophe ENA 28.08.2023 06:40 674

Париж билігі электр самокаттарды жалға беретін компаниялармен келісімшарттарды ұзартудан бас тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Келісімшарт мерзімі 1 қыркүйекте аяқталады. Осы уақытқа дейін 15 мың самокат қаладан шығарылуы керек.

Бұл шешім сәуір айында тұрғындар арасында жүргізілген сауалнамадан кейін қабылданып отыр. Онда париждіктердің  90%-ы қаланы самокаттан тазарту керек деп дауыс берген. Себебі самокат мінетіндер жол ережелерін сақтамайтын көрінеді.

2018 жылы Париж электр самокаттарды пайдалануға берген Еуропадағы алғашқы қалалардың бірі болды. Билік көліктің экологиялық таза түрлерін дамыту жолында осындай қадамға барған. Бірақ самокаттар саны артқан сайын шаһарда жол апаттары да көбейген. 2022 жылы Парижде үш адам қаза тауып, 459 адам жарақат алды.

Самокаттарда жалға алған көліктің бұл түрін Францияның басқа қалаларына, сондай-ақ шетелге жібермек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға