Жаңалықтар

Париж Олимпиадасында ұшатын такси қызмет көрсетеді

Париж Олимпиадасында ұшатын такси қызмет көрсетеді
Фото: Ашық дереккөзден 25.06.2023 18:49 1569

Парижде елу төртінші рет өтіп жатқан Халықаралық әуе көрмесінің аясында ұшатын таксидің таныстырылымы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Электр қуатымен жүретін инновациялық көлікті неміс компаниясы жасап шыққаны айтылды. Ол сағатына 110 шақырымды еңсеріп, диаметрі 15 метрлік жерге қона алатын мүмкіндікке ие. Өндірушілер ұшатын такси қызметін келер жылы Парижде өтетін Олимпиада кезінде пайдалану жоспарланып отырғанын атады. 

Дәстүрлі түрде 4 жыл сайын өтетін жазғы спорт ойындары Франция астанасында 2024 жылдың 26 шілдесінен 11 тамызына дейін өтеді деп жоспарланған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға