Париж Олимпиадасынан кейінгі алғашқы жарыс: Нариман Құрбанов Түркияда топ жарды

 ҰОК баспасөз қызметі
Фото: ҰОК баспасөз қызметі
Спорттық гимнастикадан Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан әлем кубогының үшінші кезеңінде қоржынымызға екі бірдей жүлде түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов өзінің бірінші ресми жарысында-ақ тұтқалы ат снаряды жаттығуында чемпион атанды.

Ерлер арасында тұтқалы ат бойынша Нариман Құрбанов чемпион атанса, Зейнолла Ыдырысов күміс жүлдегер атанды. ал иорданиялық Ахмад Әбу әл-Сауд қола медальға ие болды. 
 
 
 

Оқи отырыңыз