Жаңалықтар

Париж Олимпиадасына қатысатын Қазақстан спортшыларының арнайы формасы бекітілді

Париж Олимпиадасына қатысатын Қазақстан спортшыларының арнайы формасы бекітілді
Фото: Туризм және спорт министрлігі 18.04.2024 19:06 347

Қазақстан Ұлттық құрамасының Париж Олимпиадасына арналған киім үлгілеріне конкурс аяқталып, комиссия мүшелерінің шешімі бойынша 3 номинацияда («Спорттық форма», «Салтанатты спорттық форма», «Ту ұстаушылардың спорттық формасы») жеңімпаздар белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, бірінші кезеңде 15 қатысушы жұмыс материалдарын 15 сәуірге дейін ұсынған болатын. Екінші кезеңде 16-17 сәуір күндері ұсынылған жұмыс материалдарын арнайы комиссия қарады.

Жұмыс тобының қатарында 18 адамнан құралған Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитеті, Ұлттық Олимпиада комитеті, Қазақстан спортшылары одағының өкілдері, белгілі спортшылар және БАҚ қызметкерлері болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға