Жаңалықтар

Париж-2024: қазақстандық спортшылар 80 халықаралық рейтингілік турнирге қатысады

Париж-2024: қазақстандық спортшылар 80 халықаралық рейтингілік турнирге қатысады
Фото: Туризм және спорт министрлігі 15.09.2023 04:33 1994

Париждегі Олимпиадаға дайындық аясында Қазақстанның құрама командалары 80-нен астам әлемдік рейтингтік турнирлерге қатысады. Лицензиялау кезеңі Олимпиаданың басталуына бір ай қалғанда аяқталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, осы жарыстардың қорытындысы бойынша спортшыларымыз Париж Олимпиадасына 100-ге жуық лицензия алуды жоспарлап отыр.

Қазақстан командасын Париждегі олимпиадаға дайындау үшін ҚР Туризм және спорт министрлігі Ұлттық құраманың жұмысын ұйымдастыруға арналған жедел штаб құрды. Сондай-ақ, жазғы спорт түрлері бойынша спортшылар мен еліміздің штаттық құрама командаларын даярлау және олардың Олимпиада – 2024-ке қатысуын қамтамасыз ету жөніндегі бағдарлама бекітілді, - деді ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға