Жаңалықтар

«Параспортқа 4 млрд, жалпы спортқа 16 млрд теңге». Депутат параспортқа бюджеттен 4 есе аз қаржы бөлінетінін айтты

«Параспортқа 4 млрд, жалпы спортқа 16 млрд теңге». Депутат параспортқа бюджеттен 4 есе аз қаржы бөлінетінін айтты
Фото: ©El.kz/Миражан МАХАН 08.11.2023 13:30 659

Мәжіліс депутаты Сейтжан Кенжеғұл елімізде параспортқа 4 есе аз қаржы бөлетінін айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол мәжілістің жалпы отырысынан кейінгі кулуарда мәлімдеді.

Параспортқа соңғы жылдары 4 млрд 200 млн теңге бөлді. Ал жалпы спортқа 16 млрд теңге бөлінген. Айырмашылық өте үлкен. Параспортшылар олимпиададан 41 медаль әкелдік, ал жалпы спорттан 80 медаль ғана әкелді. Біз (параспортшылар – ред.) 13 орынан 11 орынға көтерілдік. Жалпы спорт 7 орыннан 11 орынға түсіп кетті. Айырмашылықты өздеріңіз көріп тұрсыздар. Әрине, біз ренжідік. Сондықтан параспортқа көп көңіл бөлуін сұраймыз, - деді Сейтжан Кенжеғұл.

Бұған дейін мәжілістің жалпы отырысында депутат Нартай Сәрсенғалиев спорт саласындағы былықтарды ашып айтқан болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға