Жаңалықтар

Парашаңғыдан әлем чемпионына пәтер берілді

Бұл туралы Петропавл облысының әкімі мәлім етті
Парашаңғыдан әлем чемпионына пәтер берілді
Фото: gov.kz 04.02.2023 15:41 1490

Петропавлда парашаңғы спортынан әлем чемпионы Ербол Хамитовқа құрмет көрсетілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі облыс әкімінің Facebook парақшасына сілтеме жасап.

Айта кету керек, бұл - Қазақстан парашаңғы спорты тарихындағы алғашқы алтын жүлде.

Қазақстан құрамасының сапындағы жеті спортшының төртеуі Солтүстік Қазақстан облысының өкілдері болды.

«Жас спортшыларға үлгі болып, қайсарлық пен табандылық танытқан параатлеттер мен олардың бапкерлеріне алғыс білдіремін. Ербол Хамитовтың ата-анасы Ғалымкерей Құсайынов пен Ғалия Алпыспаеваға да ұлын тәрбиелеп, чемпион өсіргені, өмірдегі барлық қиындықтарды жеңіп шыққаны үшін алғыс айттым», - деп жазды әкім Айдарбек Сапаров.

Парашаңғыдан әлем чемпионына пәтер берілді

Марапаттау рәсімінде Ербол Хамитовке ақшалай сыйақы мен қызметтік пәтердің кілті тапсырылды.

Спортшылар мен жаттықтырушылар естелік сыйлықтар мен алғыс хат алды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға