Жаңалықтар

Парадзюдон әлем чемпионатында ел қоржынына алғашқы алтын түсті

Парадзюдон әлем чемпионатында ел қоржынына алғашқы алтын түсті

Астанада Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтіп жатқан пара дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын жүлде түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

J2 санатындағы 81 келі салмақта ерекше жайт тіркеліп, қос отандасымыз Бексұлтан Құлмырза мен Ғалымжан Смағұлұлы өзара чемпиондық атақты сарапқа салды.

3 минут 11 секундқа жалғасқан тартысты белдесуде Бексұлтан Құлмырза қарсыласын иппонға түсірді.

Парадзюдо федерациясының ақпаратынша, жерлестеріміз үшін бұл спорттық мансаптарындағы алғашқы жүлде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға