Парадзюдо: Жарыстың алғашқы күні отандық спортшылар бес жүлде алды
13.05.2025 23:11
738

Фото: Туризм және спорт министрлігі
Қазақстандық пара дзюдошылар 2025 IBSA Judo World Championships Astana жарысының алғашқы күнінде ел қоржынына бес жүлде салды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Парадзюдодан алғаш рет Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатының бірінші жарыс күні жерлестеріміз үшін сәтті өтті. Байрақты бәсекенің алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс және 3 қола жүлде еншіледі.
Қазақстандық жүлдегерлер тізімі:
Бексұлтан Құлмырза — алтын (81 келі, J2 санаты)
Ғалымжан Смағұлұлы — күміс (81 келі, J2 санаты)
Ерғали Шамей — қола (81 келі, J1 санаты)
Даяна Федосова — қола (60 келі, J2 санаты)
Айназ Куралова — қола (46 келі, J1 санаты)
Ертеңгі жарыс күні таңғы 10:00-де басталады.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Қырғызстан президенті Астанаға келді