Астана қаласы «Байқоңыр» ауданының №2 сотында «Евраскон» ААҚ (Әзірбайжан Республикасы) компаниясының өкілдері З. Исмиевке, Г. Гадировқа және «Аймереке» ЖШС директоры А. Байкенжеге қатысты істі қарау аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Олар мемлекеттік сатып алу конкурстарының қорытындыларын қайта қарағаны үшін Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің лауазымды тұлғаларына пара берді деп күдіктенді.
Осы жылғы 27 наурыздағы сот үкімімен аталған адамдар пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылды. Оларға 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сонымен қатар, пара беруге итермелегені үшін Б. Керейтбаев пен Г. Шөкенов кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Сондай-ақ, адамдар тобында бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін Астана қаласы бойынша ІМАД маманы Д. Төлеубаев кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Аталған адамдардың барлығы да мемлекеттік мекемелерде қызмет атқару құқығынан айырылған.
Сот тергеу әрекеттерін жүргізуге белсенді кедергі келтірген Д.К. Төлеубаевтың туысы – А.А. Әкімбаевты (теріс себептермен жұмыстан шығарылған бұрынғы жедел полиция қызметкері) кінәлі деп таныды. Ол билік өкілдеріне қатысты зорлық-зомбылық жасап, жемқорлық қылмыстарын жасауда айыпталушыларды айыптайтын заттай дәлелдемелерді жасырған. Сот оның бостандығын 2 жыл 6 айға шектеді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Пара беруге оқталған: Астанада лауазымды тұлғалар сотталды
Оқи отырыңыз
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?