Палестиналық жасөспірімдер артиллериялық соққыдан жарақат алды

 aa.com.tr
Фото: aa.com.tr

Израиль әскерінің басқыншылық әрекеттері кезінде Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы Дженин қаласында екі палестиналық жасөспірім артиллериялық соққыдан жарақат алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Олардың бірі — 12 жаста, екіншісі — 16 жаста екені хабарланды. Палестина Қызыл Жарты Ай қоғамының мәліметінше, оқиға Джабарият ауданына жасалған рейд кезінде тіркелген.

Айта кетейік, 2023 жылғы 7 қазаннан бастап Израиль армиясы Газа секторында әскери агрессияны күшейтті. Сол уақыттан бері Батыс жағалау мен Шығыс Иерусалимде палестиналықтарға қарсы рейдтер, тұтқындау және шабуылдар саны күрт артты.

Бұған дейін АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Израиль келісім бермейінше, Палестина мемлекетінің құрылуы мүмкін емес екенін айтқан болатын

Оқи отырыңыз