Жаңалықтар

Палестина-Израиль қақтығысы: Израильдің оңтүстігінде непалдық 10 студент көз жұмды

Палестина-Израиль қақтығысы: Израильдің оңтүстігінде непалдық 10 студент көз жұмды
Фото: t.me/lentachold 09.10.2023 03:28 766

Непалдың Израильдегі елшісі Канта Риджал Израильдің оңтүстігінде он непалдық студент өлтірілгенін хабарлады. Бұл туралы ВВС-ге сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Дереккөз мәліметінше, тағы бір студент жоғалып кеткен, сонымен қатар төртеуі жарақат алды.

Студенттер Израильге Ауыл шаруашылығын зерттеу бағдарламасы бойынша барған екен.

Сондай-ақ елші Непалдың тоғыз студенті әлі де бомбадан қорғайтын жерде жасырынып, қауіпсіз жерге жете алмай жатқанын айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға