Жаңалықтар

Пәкістанның төрт азаматы мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болды

Пәкістанның төрт азаматы мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болды
Фото: © Polisia.kz 31.10.2023 00:17 447

Пәкістанның төрт азаматы мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту кезінде ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz-тің мәліметінше, Алматының көші-қон қызметі хабарлағандай, 30 қазанда олардың бөлімшесінің қызметкерлері Алматы қаласы бойынша ҰҚКД әріптестерімен бірлесіп, Әуезов ауданында Қазақстан Республикасының шекарасын заңсыз өтіп кеткен Пәкістан Ислам Республикасының төрт азаматын ұстады.

Олар ҚР ҚК-нің 392-бабында көзделген қылмысты жасаған. Қалаға келген шетелдіктердің хостелге орналасқандықтары анықталды.

“Қонақтардың” алдағы жоспарлары мен қылмыстың себептері тергеу барысында белгілі болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға