Жаңалықтар

Пәкістанның 9 азаматы шекарадан заңсыз өтпек болды

Пәкістанның 9 азаматы шекарадан заңсыз өтпек болды
Фото: ҰҚК 23.02.2023 10:06 677

ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан Республикасына заңсыз өтпекші болған Пәкістан Ислам Республикасының 9 азаматын ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оларды Жамбыл облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері ҰҚКД және Меркі ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасы арқылы өтпек болғанда ұстады.

Ұсталғандарға қатысты құзырлы орган сотқа дейінгі тергеуді бастады.



Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға