Жаңалықтар

Пәкістанда нөсер жаңбырдан 11 адам қаза тапты

Пәкістанда нөсер жаңбырдан 11 адам қаза тапты
Фото: ©AP/ Fareed KHAN 19.07.2023 19:09 783

Пәкістанда толассыз жауған нөсер жаңбыр салдарынан қабырға құлап, 11 адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы жағдай елдің шығысындағы Равалпинди қаласында орын алған. Ауыр техниканың көмегімен құтқарушылар үйінді астынан 11 адамның денесін шығарды. Бес жұмысшы тірі табылған.

Зардап шеккендер нөсерден шатырдың астына тығылған. Алайда ұзындығы жүздеген футты құрайтын қабырғаның астында қалған. Құрбандар саны артуы мүмкін. Себебі оқиға орнында көп адам болған.

Сонымен қатар әскер мен өзге де ведомство жоғары дайындық күйіне келтірілді. Себебі Лай Нулла өзеніндегі су деңгейі көтерілу қаупі сақталып отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға