
Пәкістанда арыстан көшедегі әйел мен балаларға шабуыл жасады
05.07.2025 22:11
6546
Фото: t.me/rtvimain
Оқиға Пәкістанның Лахор қаласында болған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жыртқыш аң иелерінің қарауынсыз қалып, көшеге қашып кеткен. Қаланы кезіп жүрген арыстан көшеде әйел адамды көреді де, оның артынан жүгіріп, артынша оған тап берген. Кейін жыртқыш әйелдің бес және жеті жастағы екі баласына да шабуыл жасаған.
Қалалық полиция арыстанның иелері - үш ер адамды оқиға орнынан қашпақ болған сәтінде ұстап, қолға түсірген. Олар жыртқышты ұстап алып, жасыруға тырысқан.
RTVI мәліметінше, 11 айлық еркек арыстан тәркіленіп, жабайы табиғат паркіне жіберілді.