Жаңалықтар

Өзін-өзі ұсынған адамдарға мүмкіндік беру керек - жазушы

Өзін-өзі ұсынған адамдарға мүмкіндік беру керек - жазушы
Фото: El.kz 19.03.2023 16:18 742

Биылғы сайлауда өзін-өзі ұсынған адамдарға мүмкіндік беру керек. Себебі, оларды халық таңдап отыр. Бұл туралы жазушы Алдан Смайылов айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Биылғы сайлаудың бір ерекшелігі бір мандатты округ атынан қатысушылар бар. Дегенмен мәжілістің 30 %-на бір мандаттылар ғана сайланса, қалған 70 %-на партия атынан ұсынылғандар сайланады. Осы тұрғыда бір мандаттыларға партия атынан қатысып отырған жандармен бірдей мүмкіндік беру керек деп есептеймін. Партияның депутаттары тек партияның сөзін сөйлейді. Олар өз пікірін, өз ұстанымын айтпайды, тек қана партияның ұстанымымен жүреді. Сондықтан өзін - өзі ұсынып отырғандарды да тең дәрежеде қолдау керек. Оларды халық таңдап отырғандықтан, олар халықтың сөзін сөйлейді, халықтың сөзін жеткізеді және оны іске асыратын бірден бір жандар. Билікке кезіндегі Мұхтар Шаханов сынды мықты, сөзі өткір, шындықты батырып тұрып жеткізетін азаматтар мен азаматшалар келеді деп үміттенемін»,- деді Алдан Смайылов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға