Жаңалықтар

Өзбекстанмен тауар айналымы 10 млрд долларға дейін өсуі мүмкін

Өзбекстанмен тауар айналымы 10 млрд долларға дейін өсуі мүмкін
Фото: primeminister.kz 05.05.2023 15:15 754

 Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Ариповпен Ташкентте өтіп жатқан екіжақты ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 20-отырысы қарсаңында келіссөз жүргізді, деп хабарлады  El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Тараптар қазақ-өзбек өзара іс-қимылының бірқатар өзекті мәселесін, оның ішінде сауда, өнеркәсіп кооперациясы, инвестициялық қызмет, энергетика, логистика, трансшекаралық су нысандарын пайдалану, мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту және та5ы бас0а салалардағы бірлескен қадамдарды талқылады.
Әлихан Смайылов Өзбекстан еліміздің сауда саласындағы ірі серіктестерінің бірі екенін айтып өтті. 2022 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы жоспарланған 5 миллиард доллар5а жетті.
 
Бұл ортақ күш-жігердің арқасында мүмкін болып отыр. Енді алға қойылған жоғары деңгейдегі міндеттерге сәйкес орта мерзімді перспективада өзара тауар айналымының көлемін 10 миллиард долларға дейін ұлғайту керек,  деді премьер-министр.
Өз тарапынан Абдулла Арипов екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту үшін әлеуеттің зор екенін айтты.
 
Өзара саудада оң динамика байқалады. Экономиканың көптеген саласында өнеркәсіп кооперациясының маңызды жобалары іске асып жатыр. Өзбекстан сауда, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы мен су шаруашылығы және басқа да салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті. Жалпы біз бауырлас Қазақстанмен арадағы қарым-қатынасты одан әрі тереңдетуге мүдделімі", - деді Абдулла Арипов.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға