
Өзбекстандық ұшқыштар Ақтаудың үстінен екі рет айналды
30.12.2024 03:02
854
Фото: t.me/aznovost
Uzbekistan Airways әуе компаниясының ұшқыштары Azerbaijan Airlines-ке (AZAL) тиесілі ұшақ апатынан қаза тапқандарды еске алу мақсатында Ақтаудың үстінен екі рет айналып өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Oxu.Az мәліметінше, UzAirways борты Ташкенттен Грозныйға HY9701 рейсін орындаған.
Естеріңізге сала кетсек, 25 желтоқсан күні таңертең Azerbaijan Airlines-тің Embraer 190 ұшағы Бакуден Грозныйға шығып, алайда Ақтау әуежайы маңында апатқа ұшырады. Бортта 67 адам болса, соның 38-і қаза тапты, 29-ы аман қалған.
26 желтоқсанда зардап шеккен 14 адам мен қайтыс болған төрт адамның денесі Әзербайжанға жеткізілді.
12 Маусым, 18:09
«Жоғалған бала. Жаураған ана. Үйі суға кеткен халық»: жастарды ерікті болуға не итермелейді
5 Маусым, 15:18
Рәміздер күні қалай аталып өтті?