Жаңалықтар

Өзбекстандық байқаушы сайлаудың халықаралық талаптарға сай өткенін айтты

Біз Қазақстанның сайлауға дайындығын жоғары бағалаймыз
Өзбекстандық байқаушы сайлаудың халықаралық талаптарға сай өткенін айтты
Фото: baq.kz 21.11.2022 13:09 1256

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының ТМД байқаушылар отырысында өзбекстандық бақылаушы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

20 қарашада өткен ҚР Президентін анықтайтан кезектен тыс сайлауға ТМД елдері ішінен Өзбекстан мемлекетінің өкілдері де қатысты.

«Біз Қазақстанға 17 қарашада келіп, сайлау науқанына дайындықпен толық таныстық. Күні кеше дауыс беру барысында сайлау учаскелерінде болып, бақылау жүргіздік. Біз Қазақстанның сайлауға дайындығын жоғары бағалаймыз. Сайлау халықаралық демократиялық талаптардың бәріне сай жоғары дәрежеде өтті», - деді Зайниддин Низамходжаев.

Сайлауға қазақстандықтар белсенді дауыс бергенін атап өтті. Өзбекстан миссиясының өкілі Низамходжаев Зайниддин орталық сайлау комиссиясында өткен брифинг барысында барша қазақстандықтарды сайлау науқанының жоғары өтуімен құттықтады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға