Жаңалықтар

Өзбекстандық аспаз Оралда 500 еріктіге палау таратып жатыр

Өзбекстандық аспаз Оралда 500 еріктіге палау таратып жатыр
Фото: Видеодан кадр 18.04.2024 15:01 1168

Өзбекстандық аспаз су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмек көрсетуге келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өзбекстаннан Оралға келген аспаз еріктілер мен халыққа ас дайындап жүр. Әлеуметтік желіде оның күн сайын 500 адамға палау пісіріп, таратып тұрған сәтінен видео таралды. 

Желі қолданушылары өзбек ұлтының өкіліне алғысын жаудырып, ізгі тілегін арнап жатыр.

Айта кетейік, Дағыстан Республикасының тұрғыны Омарасхаб Ахмедов Атырауға су тасқынына қарсы көмектесу үшін 50 мың қап алып келген еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға