Жаңалықтар

Өзбекстандағы Қазақ ұлттық мәдени орталығы “Ең үздік ұлттық мәдени орталық” атанды

Өзбекстандағы Қазақ ұлттық мәдени орталығы “Ең үздік ұлттық мәдени орталық” атанды
Фото: instagram.com/otandastar_qory/ 01.02.2024 11:10 738

Өзбекстан республикасы Мәдениет министрлігі, Ұлтаралық татулық және шет мемлекеттермен достық байланыстар комитеті ұйымдастырған «Ең үздік ұлттық мәдениет орталығы» номинациясын «Өзбекстан Қазақ ұлттық мәдени орталығы» жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жыл бойы өткен мемлекеттік мерекелік шараларда бауырмалдық пен достықты, сантүрлілікті, ұлттық ғұрып-әдеттер мен салт-дәстүрлерді дәріптей білген орталық жұмысына берілген лайықты баға деп білеміз. 

Өзбекстан республикасы Мәдениет министрлігі мен Zo’r TV телеарнасы серіктестігінде тікелей эфирде мәдениет және өнер саласындағы «Жаңа Өзбекстан жұлдыздары» атты   ұлттық сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті.

Ресми мемлекеттік марпаттау шарасы  Zo’r TV телеарнасының “Ренессанс” холында өтті. 2023- жыл қорытындысы ретінде өткен айтулы бұл ұлттық марапаттау Өзбекстан Республикасында мәдениет саласында қызмет етіп жүрген мамандар: түрлі жанрдағы әншілер, актер, актрисалар, симфоник оркестр, цирк артистері, аскияшы (әзіл-сықақ айтушы өнерпаз), кітапханашы, бахшылар(жыршылар), ұттық мәдениет орталықтары, жас өнерпаздар «Жылдың ең үздік ... » номинациясы (аталымы) бойынша “Мәдениет және өнер ұлттық сыйлығымен” марапатталды.

Кеште Мәдениет министрлігі, Ұлтаралық татулық және шет мемлекеттермен достық байланыстар комитеті тарапынан номинацияға ұсынылған мәдениет орталықтарының қатарында «Өзбекстан қазақ ұлттық мәдени орталығы» да қатысып, Өзбекстандағы «Ең үздік ұлттық мәдениет орталығы» аталымы бойынша марапат иегері болды.

Бұл номинацияға ұсынылған мәдениет орталықтары мемлекеттегі 130 дан астам ұлт пен ұлыстардың арасында жыл бойы өткен мемлекеттік мерекелік шараларда бауырмалдық пен достықты, сантүрлілікті, ұлттық ғұрып-әдеттер мен салт-дәстүрлерді дәріптей білген «Ұлттық мәдениет орталығы» лайықты болады.

Осы кеште тағы бір қандас-бауырымыз  Әлібек Қабдырахманов дирежерлік ететін Өзбекстан ұлттық симфоник оркестрі де «2023 жылдың ең үздік оркестрі» атағына ие болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға