Жаңалықтар

Өзбекстанда іздеуде жүрген ер адам Талдықорғанда ұсталды

Өзбекстанда іздеуде жүрген ер адам Талдықорғанда ұсталды
Фото: ©El.kz 21.09.2023 23:20 512

Өзбекстанда іздеуде жүрген ер адам Талдықорғанда ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ішкі істер ведомствосының мәлімдеуінше, Талдықорған қаласында облыстық полицияның жедел уәкілдері мемлекетаралық іздеуде жүрген 31 жастағы шетелдік азаматтың орналасқан жерін анықтады.

Ақпаратқа сәйкес, Өзбекстанның тәртіп сақшылары бұл адамды ірі алаяқтық жасады деген күдікпен бір жылдан астам уақыт іздеген.

Іздеуде жүрген адам «Іздестіру» жедел профилактикалық іс-шарасының аясында анықталып, облыс орталығындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде ұсталды. Қазір ол қамауда отыр. Оның ұсталғаны туралы ақпарат ҚР ішкі істер министрлігіне жолданды, - дейді Жетісу облысы ПД криминалдық полиция басқармасының іздеу бөлімі.

«Іздестіру» жедел-профилактикалық іс-шарасы 20-21 қыркүйек аралығында жүргізіледі. Алғашқы тәулікте тәртіп сақшылары іздеуде жүрген 5 қылмыскерді ұстады. Оның ішінде көрші мемлекеттердің құқық қорғау органдары іздеп жүрген 2 шетелдік азамат бар.

Сонымен қатар облыстың полицейлері хабар-ошарсыз кеткен 4 адамның орналасқан жерін анықтай алды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға