Чемпиондар лигасының финалы қарсаңында студияда қызу пікірталас! Биылғы финалды екі түрлі футбол философиясының текетіресі деуге бола ма? Бір жағында Микель Артетаның тәртіп пен құрылымға негізделген «Арсеналы», екінші жағында Луис Энрикенің агрессивті прессинг пен жоғары қарқынға сүйенетін ПСЖ-сі. Сонымен қатар студияда Қазақстан Премьер-лигасының басты матчтарының бірі – «Ордабасы» мен «Қайрат» ойыны да талқыланды.