Жаңалықтар

Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді

Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді
Фото: Өзбекстан үкіметі 21.04.2024 11:00 494

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстанның су тасқынынан зардап шеккен аудандарына гуманитарлық көмек жіберу туралы тапсырма берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Өзбекстанның гуманитарлық жүк тиелген көліктері Қазақстанға бағыт алды.

Министрлер кабинетінің өкімі негізінде 15 жүк көлігіне гуманитарлық жүк артылып, оларды жеткізу бойынша тиісті ұйымдастырушылық мәселелер шешілді. Жүкті Өзбекстан президентінің кеңесшісі Тұрсынхан Құдайбергенов бастаған жұмыс тобы алып барып, табыстайды», - делінген Өзбекстан үкіметінің хабарламасында.

Гуманитарлық көмекте азық-түлік, балалар мен ересектерге арналған киім, көрпе, жастық, гигиеналық құралдар, арнайы жабдықталған шатырлар, резеңке қайықтар мен басқа да қажетті тауарлар қамтылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға