Жаңалықтар

«Өзбекстан мен Моңғолия шұғыл кірісті». Депутат АЭС құрылысына қатысты айтты

«Өзбекстан мен Моңғолия шұғыл кірісті». Депутат АЭС құрылысына қатысты айтты
Фото: t.me/mazhilis_kz 11.09.2024 15:01 931

Қазақстанда АЭС салуға қатысты ешқандай балама жол жоқ. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында депутат Ерлан Саиров айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.  

Депутаттың сөзінше, қазіргі таңда Қазақстан электр энергиясын Ресей мен Қырғызстаннан сатып алып отыр. Көршілес орналасқан Өзбекстан мен Моңғолия жедел түрде АЭС салуға кіріскен. 

Өкінішке қарай, әлемде су электр станциялары және атом электр станцияларынан басқа әзірге жаңа электр көздері жоқ. Оттегі электр энергиясы әзірге әлемде қалыптасқан жоқ. Сондықтан менің ойымша, Қазақстанда АЭС салуға қатысты ешқандай балама жолы жоқ. Өйткені біздің экономикамыз, демографиямыз дамып келе жатыр. Сондықтан Қазақстанда энергияны тұтыну көбейетін болады. АЭС дүниежүзі бойынша қауіпсіздігі сақталған энергия көзі болып саналады. Қазіргі таңда дамыған елдердің барлығында АЭС салынған. Тіпті бір Қытайдың өзінде 50-ден астам АЭС бар. Ақтауда орналасқан МАЭ шын мәнінде АЭС болып табылады. Яғни, бүгінгі таңда Қазақстанда АЭС бар. Ол жұмыс жағынан ешқандай қауіп төндіріп тұрған жоқ. Менің ойымша, АЭС-ті бір емес, бірнеше оператор салуы керек. Сонымен қатар ең негізгісі қаржынын қайдан келіп, қайда кетіп жатқанын ашық түсіндіріп отыру керек, - дейді мәжілісмен.  

Сонымен қатар депутат «Елімізде АЭС салса, электр энергиясы арзандай ма?» деген сұраққа жауап берді.

Қазіргі таңда Ресейден сатып алынатын электр энергиясының Қазақстан өндіретін электр энергиясынан бағасы жоғары. Егер АЭС салатын болсақ, елімізде электр энергиясы көздерінің баламасы пайда болады. Соған сәйкес баға төмен түседі, - деді Саиров.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға