Жаңалықтар

Өткен жылы шамамен 2,8 млн қазақстандық скринингтік тексеруден өтті

Өткен жылы шамамен 2,8 млн қазақстандық скринингтік тексеруден өтті
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 12.01.2024 06:20 402

Өткен жылы елімізде 2,8 млн қазақстандық скринингтік тексеруден өтті. Нәтижесінде оның 22 мыңы диспансерлік есепке алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, былтыр еліміздің бастауыш медициналық ұйымдарында 90 млн-нан астам қызмет көрсетілген. Бұл өткен жылғы жүгіну санынан 10%-ға жоғары.

Былтыр скринингтік тексерулермен 2,8 млн ересек адам, оның ішінде 1,1 млн ауыл тұрғыны қамтылды. Бұл ретте патологиялар 388 мың адамда анықталды. Зерттеліп-қаралған 220 мың азамат диспансерлік есепке алынды. Қашықтықтан медициналық қызмет көрсету үрдісі күшейді. Олардың саны 6,7 есеге артып, 688 мың қызметке жетті делінген министрлік ақпаратында.

Амбулаториялық деңгейде пациенттер 324 млн консультациялық-диагностикалық қызмет немесе 1 тұрғынға шаққанда 16-дан астам қызмет алды. Бұл ретте 1 миллионнан астам адам қымбат диагностикалық қызметтермен (КТ/МРТ) қамтылды.

Оқи отырыңыз: 

Соңғы 3 жылдың ішінде амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге бөлінген қаражаттың көлемі 2 еседен астам ұлғайды. Ол бүгінде 237 млрд теңгеге жетті. Бұл тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша нозологиялар санын 48-ден 126-ға дейін, яғни 2,5 есеге арттыруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) және МӘМС пакеттеріндегі тегін дәрілік препараттардың тізбесі 272-ден 347-ге дейін кеңейтілді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмекке қол жеткізу мақсатында еліміздің әрбір тұрғыны үшін 78 медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектісі салынып, 80 бастапқы буын объектісі жөнделді.

Бүгінгі таңда елдегі медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында 110 мыңнан астам маман, оның ішінде 34 195 дәрігер және 75 852 орта буын қызметкері жұмыс істейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға