Жаңалықтар

Өткен жылы өндіріс объектілерінде 231 оқыс оқиға тіркелген

Өткен жылы өндіріс объектілерінде 231 оқыс оқиға тіркелген
Фото: kadry.mcfr.kz 27.02.2023 15:58 705
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нығмеджан Мақажанов айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
 
Оның айтуынша, 2021 жылмен салыстырғанда апат дерегі 11%-ға азайған.
 
«Өткен жылы авариялар мен оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында 2450 тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде 38 277 нысан тексерілді. Тексеріс қорытындысы бойынша 34 617 өнеркәсіп қауіпсіздік талаптарын бұзушылық анықталып, 1708 нысанға 254 миллион теңгеден астам қаражат көлемінде әкімшілік айыппұл салынды», - деді Нығмеджан Мақажанов.
 
Сондай-ақ, қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзғаны үшін 733 кәсіпорын өз жұмысын тоқтатқанын айтты.
 
«2022 жылы өнеркәсіптерде 28 авария тіркеліп, салдарынан 32 адам жапа шекті, оның 15-і қайтыс болды. Ең ірі апаттардың бірі өткен жылдың қараша бойынша «Арселор Миттал Теміртау» АҚ Ленин атындағы шахтасында болды. Салдарынан 9 адам жапа шегіп, 5 адам қайтыс болды. Бұған ұқсас авария 2021 жылы қараша айында «Арселор Миттал Теміртау» АҚ Абай шахтасында болған. Ол кезде 9 адам зардап шегіп, алтауы қайтыс болған болатын», - деді Нығмеджан Мақажанов.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға