Жаңалықтар

Өткен жылы ең көп ақша тапқан шетелдік өнері жұлдызы кім

Өткен жылы ең көп ақша тапқан шетелдік өнері жұлдызы кім
Фото: instagram.com/adamsandler 08.03.2024 05:31 521

Америкалық актер Адам Сэднлер Голливудтағы 2023 жылғы жалақы ең көп төленетін актерлердің тізімін бастады, үздіктер «үштігіне» Марго Робби мен Том Круз да енді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап.  

Бұл туралы рейтингті Forbes жариялады. Forbes-тің бағалауынша, Сэндлер 2023 жылы 73 млн доллар табыс тапқан. Оның табысының едәуір бөлігі Netflix-пен ынтымақтастықтан түсетіні аталған.  

Рейтингте екінші орынды әлемдік прокатта 1,4 млрд доллардан астам табыс жинаған „Барби“ (Barbie, 2023) фильмінде ойнаған Робби иеленді. Актриса 2023 жылы 59 млн доллар табыс тапты, - деп жазды Forbes.

Үшінші орында тұрған Том Круздың табысы былтыр 45 млн долларға жеткен. Актер өзінің негізгі табысын жаңа фильмі «Миссия мүмкін емес: өлімге әкелетін есеп. Бірінші бөлім» (Mission: Impossible — Dead Reckoning Part One, 2023) атты жаңа фильмінің арқасында қол жеткізген.  

Төртінші орынды Райан Гослинг пен Мэтт Деймонд өзара бөлісті, олардың 2023 жылы тапқан табысы — $43 млн. 

Табысы жоғары актерлер «ондығына» сондай-ақ Дженнифер Энистон ($42 млн), Леонардо ДиКаприо ($41 млн), Джейсон Стэйтем ($41 млн), Бен Аффлек ($38 млн) және Дензел Вашингтон ($24 млн) кірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға