Жаңалықтар

Өткен жылы елімізде қызылшаның отыз мыңға жуық дерегі ресми тіркелді

Өткен жылы елімізде қызылшаның отыз мыңға жуық дерегі ресми тіркелді
Фото: © ОКҚ 10.01.2024 21:55 458

Республикада қызылша инфекциясының таралуына қарсы күрес шаралары, халықты жоспарлы және қосымша иммундау қарқыны туралы ҚР ДСМ "Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК Басқарма төрағасы Манар Смағұл ОКҚ-да өткен сараптамалық брифингте айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. 

Ол Қазақстанда 2023 жылы қызылшаның 29 648 жағдайы тіркелгенін, ағымдағы жылдың 9 қаңтарында аурудың 31 641 жағдайға өскенін, оның 79%-ы (24 940) 14 жасқа дейінгі балаларға тиесілі екенін хабарлады. Қызылша бойынша жағдайды тұрақтандыру мақсатында жоспарлы тәртіппен және ҚМИ шеңберінде тиісті адамдарға вакцинациялау жүргізіледі:

- қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинациялау (ДДҰ ұсынған 11 айда кемінде 87% кезінде 1 жастағы балалардың 94%-ы және 6 жастағы балалардың 93%-ы қамтылған);

- 30 жасқа дейінгі вакцинацияланбаған байланыста болған адамдардың ошақтарында вакцинациялау (26 мыңнан астам адам егілді);

- бұрын екпелерді өткізіп алған 18 жасқа дейінгі балаларды вакцинациялау (165 мыңнан астам адам егілді);

- ҚМИ-949 мыңнан астам адам қамтылды, оның ішінде 6-10 айлық балалар 109 мыңнан астам, 2-4 жас аралығындағы балалар – 638 549. Яғни, күн сайын орта есеппен 21 мыңнан астам адам вакцина алады.

"Қазіргі уақытта қызылша бойынша ахуал тұрақты бақылауда, барлық қажетті эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда", - деп түйіндеді ҚДҰО басшысы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға