Жаңалықтар

Өткен жылы 600 мыңға жуық адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

Өткен жылы 600 мыңға жуық адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі 19.01.2024 08:26 419

Өткен жылы елімізде 114,1 мың отбасындағы 598,4 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындалды. Осы мақсатқа бюджеттен 57,4 млрд теңге жұмсалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұрын хабарланғандай, АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.

АӘК мыналарды көздейді:

- табысы өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70% - нан аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;

- табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК (5 175 теңге) мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. 2023 жылы АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 186,8 мың балаға 7,2 млрд теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды;

- жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.

2024 жылы АӘК төлеуге 75,9 млрд теңге қарастырылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға