Жаңалықтар

Астанада өткен жылы 452 адам туберкулез жұқтырған

Астанада өткен жылы  452 адам туберкулез жұқтырған
Фото: phonoteka.org 24.03.2023 15:21 908

Әлемде жыл сайын 24 наурызда Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні атап өтіледі. Осы орайда Астанада 23 ақпаннан 23 наурызға дейін туберкулездің алдын алу айлығы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен белгіленген бұл күн жыл сайын әртүрлі ұранмен өтеді.

Биылғы науқан Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасарының айтуынша «Туберкулезді жеңе аламыз!» деген ұранды негізге алыпты.

Елорда бойынша өткен науқан профилактикалық іс-шараларды күшейтуге, салауатты өмір салтын сақтауға және уақтылы медициналық тексеруден өтуге жағдай жасауға бағытталған. 

"Астанада 2022 жылы туберкулез бойынша барлығы 452 жағдай тіркелді. Бұл өткен 2021 жылмен салыстырғанда аурушаңдық жағдайының  төмендегенін көрсетеді (456 жағдай). 2022 жылы сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 34,2- гежәне 2021 жылы 37,7 интенсивті көрсеткішті құрады. Сырқаттанушылықтың жалпы көрсеткіші 0,9% - ға төмендеді. Бірақ бұл ретте бактерия бөлу көрсеткіші 5,4% - ға ұлғайды", деп мәлімдеді Жанна Пірәлиева.

Шара аясында Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жыл сайын қалалық денсаулық сақтау басқармасымен, қалалық фтизиопульмонология орталығымен, білім басқармасы және аудандық әкімдіктермен бірлесе іс-шаралар, акциялар жүргізген.

"Департаменттің әлеуметтік парақшаларында туберкулездің алдын алу бойынша мақала, жадынама жарияланды. Медициналық ұйымдарда семинар тренингтер өткізілді", деді спикер.

Сонымен қатар айлық аясында қала мектептерінде, жоғары және орта оқу орындарында  қазақ және орыс тілдерінде диктанттар жазылып,  "Туберкулездің алдын алу" тақырыбында сынып сағаттары өткен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға