459.92
505.77
6.57

Өткен жылы 2500-ге жуық азаматқа тегін заң көмегі көрсетілді

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты 42 іс тіркелген
azh.kz
Фото: azh.kz 26.01.2023 12:35 202

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ баспасөз конференциясында айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы қоғамдық мониторинг – қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Осылайша оның 2022-2026 жылға арналған тұжырымдамасы мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылды негізгі қағидаттарының бірі екенін айқындайды.

Отырыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесінің мүшесі Дидар Смағұлов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңға тоқтала кетті.

«2015 жылы қарашада қабылданған сыбайлыс жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң қоғамдық бірлестіктердің, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларды мемлекеттік органдармен және квазимемлекеттік сектор ұйымдарымен тең дәрежеге қойылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілеріне ресми түрде жатқызылып, осы мәселеде ерекше рөлі бекітілді», - деді Дидар Нүркенұлы.

Сонымен қатар ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2022 жылғы көрсеткен қызметі жайлы айтты.

«Ұйымымыз жеке қорлардың есебінен қызмет атқаруда. Бүгінде еліміздің барлық өңірінде филиалдарымызды аштық. Өткен жылы 2500-ге жуық азаматқа тегін заң көмегі көрсетілді. Ұйымға жалпы 5000-нан аса өтініш келіп түсті. Олардың көпшілігі объектілерді салу және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлыққа деген күдікпен байланысты болды», - дейді Дидар Смағұлов.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесінің мүшесі Дидар Нүркенұлының айтуы бойынша ұйымның өтінішімен 2022 жылы 42 қылмыстық іс тіркелген. Олардың басым көпшілігі сыбайлас жемқорлыққа қатысты болды.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Жаңалықтар