Жаңалықтар

Өткен тәулікте бір адам коронавирус инфекциясынан қайтыс болды

Өткен тәулікте бір адам коронавирус инфекциясынан қайтыс болды
Фото: El.kz 18.02.2023 10:15 677

Өткен тәулікте елімізде 93 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Сондай-ақ, бір адам осы дерттен көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі  ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

18 ақпандағы мәлімет бойынша, 1 647 адам коронавирус инфекциясынан (–1 472+ және 175 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 112 пациент стационарда, 1 535 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 4 адамның жағдайы ауыр,
• 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға