Жаңалықтар

Өткен тәулікте 34 адам коронавирусқа шалдықты

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді
Өткен тәулікте 34 адам коронавирусқа шалдықты
Фото: pixabay.com 28.10.2022 09:29 1205

Өткен бір тәулікте коронавирусқа – 34, коронавирус пневмониясына 4 адам шалдықты. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

Ведомство дерегіне сәйкес, қазір ел өңірлерінде 766 адам коронавирустан (коронавирустан (КВИ+) 624 науқас және коронавирус пневмониясынан (КВИ-) 142 науқас) емделіп жатыр. Олардың ішінде 80 пациент стационарда, 686 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 2 адамның жағдайы ауыр,

- 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

28 қазанға дейін Қазақстанда аталған індетке қарсы вакциналардың I компонентімен 10 842 360 адам, II компонентімен 10 603 795 адам егілді. Ревакциналанды – 5 602 662 тұрғын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға