Жаңалықтар

Өткен тәулікте 167 адам коронавирус жұқтырды

914 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда
Өткен тәулікте 167 адам коронавирус жұқтырды
Фото: iaea.org 01.12.2022 09:25 613

Өткен тәулікте елімізде 167 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

«1 желтоқсандағы мәлімет бойынша, Қазақстапнда 1 081 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, олардың ішінде 167 пациент стационарда, 914 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ-ге шалдыққандардың арасында 7 адамның жағдайы ауыр, 2 пациенттің денсаулығы өте ауыр, 2 сырқат ӨЖЖ аппаратында жатыр», деп жазды ведомстводан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға