Жаңалықтар

«Өтірік айтуды доғарыңыз»: танымал блогер Бағдат Мусинге шүйлікті

«Өтірік айтуды доғарыңыз»: танымал блогер Бағдат Мусинге шүйлікті
Фото: Видеодан алынған кадр 04.08.2023 12:35 2255

Танымал блогер Алексей Лодочников цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің сөзіне шүйлікті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жариялады. Оның сөзіне қарағанда, елорда тұрғындарының екі себеппен қабағы қатулы жүреді: бірі – климат, екіншісі – сапасыз интернет.

Бағдат Мусин, сіз біздегі интернет сапасының жақсы екенін айтасыз. Ал астаналықтардың барлығы интернеттің сапасына наразы. Интернет өте жылдам болатындай сіздің үйіңіздің қай жақта орналасқанын, сіздің қайда тұратыныңызды білмеймін, – деді Алексей.

Блогердің сөзіне қарағанда, ол көптеген тұрғын үйде өмір сүріп көрген және олардың ешқайсысында да интернет сапасы көңіл көншітпейді.

Өтірік айта беруді доғарыңыз! Сіз біздегі интернет сапасы Токиодан асып кетті дегенде, бұл сөзіңізге өзіңіз де сенген жоқсыз. Бұл көрініп тұрды. Себебі сізге мұның бәрін қағаз жүзінде әкеліп берді. Министр ретінде барлық ақпаратты тексеруге кеңес беремін. Токиода тұратын достарым бар, олар Қазақстанда да өмір сүрген. Олар салыстыра алатыны анық. Сіздің сөзіңізді естігенде, әбден күлді, – дейді блогер.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Алексей Лодочников (Әлеке) (@lodochnikov_official_page)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға