Жаңалықтар

Отбасылық жанжалда енесі күйеу баласын пышақтап өлтірді

Отбасылық жанжалда енесі күйеу баласын пышақтап өлтірді
Фото: © iStock 21.12.2023 11:19 1819

Құлсары қаласында енесі күйеу баласын пышақтап өлтірді,  деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі  AtyrauPress сайтына сілтеме жасап.

Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 20 желтоқсан күні сағат 18:50 шамасында 1986 жылы туған әйел адам анасы азаматтық некедегі жолдасының ішінен ас үй пышағымен жарақат салғанын хабарлаған.

Оқиға орнына жедел жеткен полицейлер отбасылық жанжалдың нәтижесінде 1966 жылы туған әйел адамның 1996 жылы туған азаматты ас үй пышағымен жарақаттағанын анықтады. Алған дене жарақаты салдарынан ер адам қайтыс болған.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға